Ұлытау ауданы Жезді кентіндегі өзен арнасынан асып су тасқыны болды
Ұлытау аудандық мәслихатының депутаты Зәуре Балшықбаева су тасқынынан ондаған адам эвакуацияланғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ұлытау ауданы Жезді кентіндегі өзен арнасынан асып су тасқыны болды.
«Жезді кентінің әкімі және жергілікті халық өзенге жақын орналасқан үйлерге су бармас үшін ауыр техникалардың күшімен бөгет жасады. Дегенмен тасқын су бөгеттен асып Бұлқышев көшесінде орналасқан үйлерге жайылды. 26 үй тұрғындары эвакуацияланды. Тұрғындар өздерінің туыстарының үйлерін паналады 10 үйді су басты.
Қазіргі уақытта Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы, Ұлытау ауданының әкімі Аманжол Мырзабеков аталған аймақтағы жағдайды қолға алып, аудан тарапынан шығындарды есептеп материалдық көмектерін көрсететінін айтты.
Сонымен қатар кентіміздегі табиғи апатқа көмек қолдарын созған азаматтар да баршылық. Зардап шеккен отбасыларға берген азық түліктерін таратып шықтық. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» - деді депутат.