Аягөздегі жағдай: суға кеткен адамдарды іздеу жүріп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккен ауылдарға көмек көрсету жұмысы қарқынды жүріп жатыр

Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

«AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының атқарушы хатшысы Нұржан Оразбекұлы аймақтағы жағдай туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Айтуынша, зардап шеккен ауылдарға көмек көрсету жұмысы қарқынды жүріп жатыр.

«Су тасқынынан кейін бір апта өткен соң, Аягөз ауданында болып жағдайды бақылап қайттым. Бүгінде су басу қаупі жоқ, деңгейі төмендеген. Жергілікті атқарушы орган мен төтенше жағдайлар қызметкерлері, партия белсенділері мен еріктілер, жергілікті тұрғындар тарапынан қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Суға кеткен адамдарды іздеу жалғасуда. Мәжіліс депутаты Н.Сабильяовпен бірге көпірін қарғын су шайып кетіп, қарым-қатынас үзілген Бозай ауылына қайықпен барып, жергілікті тұрғындармен кездесуге қатыстым. Ауыл тұрғындары көпірді қалпына келтіру, суға кеткен малдарын өтеу сынды ұсыныстарын жеткізді. Бүгінде жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауында», - дейді Нұржан Оразбекұлы.