Жастар есепшотын төлегісі келмей, арты дауға ұласқан
Ақтауда дәмханаға келгендер арасында қақтығыс болды. Оқиға 7 сәуірге қараған түні 14-ші шағын аудандағы «Leyla» дәмханасында болды. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақтаудағы «Leyla» дәмханасында келушілер бір біріне оқ атты.
Куәгерлердің айтуынша, бір топ жас мекемеден есепшотын төлемей кеткісі келген, ал дәмхана қызметкерлері бұған жол бермеуге тырысқан. Қонақтардың бірі тапаншасын алып, аспанға атып, арынша төбелес басталды. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына патрульдік полицияның бірнеше бригадасы, сондай-ақ СОБР жасағы келді.