Құтқару жұмысына 7 тікұшақ жұмылдырылды
Елімізде су тасқыны басталғалы бері 72 029 адам, оның ішінде 16 078 балалар қауіпсіз жерлерге жеткізілді. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Уақытша орналасу пунктеріне 14 368 адам, оның ішінде 7 255 бала орналасты.
«Төтенше жағдайлар, Қорғаныс мининистрлігі және Ұлттық ұланның 7 әуе кемелері құтқару жұмыстарын жалғастыруда.
7,5 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 952 мыңнан астам қапшық және 976 мыңнан астам тонна инертті материал төселді», - делінген министрлік хабарламасында.