Елімізде су тасқыны болған өңірлерде волонтерлер штабы құрылды

Azattyq Rýhy

Су тасқыны басталғалы бері волонтерлер жан-жақты көмек көрсетіп жатыр

Елімізде су тасқыны болған өңірлерде волонтерлер штабы құрылды
Фото: AMANAT партиясының баспасөз қызметінен

Бүгіннен бастап Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында «Жастар Рухы» ЖҚ филиалдары жанынан жедел әрекет етуші Республикалық волонтерлер штабы құрылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Көмек керек жағдайда немесе қосымша сұрақтар туындаса төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарласу керек.

«Су тасқыны басталғалы бері «Жастар Рухы» волонтерлері жан-жақты көмек көрсетуде. «Biz Birgemiz» ҚҚ қолдауымен тасқын судан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жинап, азаматтарға үлестіріліп жатыр. Сондай-ақ Жастар қанаты волонтерлері аймақтардағы Жастар ресурстық орталықтарымен де бірлесе жұмыс істеуде.

Қатарымызға қосылғысы келетін азаматтарға есігіміз ашық», - делінген «Жастар Рухы» хабарламасында.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.