Президент су тасқынына байланысты Қазақстан халқына үндеу жариялайды

Автор: Azattyq Rýhy

Үндеу республикалық арналардан көрсетіледі

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар облысындағы су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты Қазақстан халқына үндеу жариялайды. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ruhy.

Президент үндеуі барлық республикалық арналардан бүгін сағат 13:00-де көрсетіледі.