Су тасқыны: Атырау облысында 4 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Соңғы деректер бойынша, 2,5 мыңнан астам ғимаратты су басты

Фото: Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысындағы су басу қаупіне байланысты соңғы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«22.45-тегі жағдай бойынша алдын ала ақпаратқа сәйкес 2500-ге жуық ғимаратты су басты», - делінген хабарламада.

ЖАО, ТЖД, ПД, ҚМ, Ұлттық ұлан күштері халықты эвакуациялауды жалғастыруда. Осы сағатта 4 мыңнан астам адам, оның ішінде 1 мыңнан астам бала эвакуацияланды.