Елорданың іргесіндегі Талапкер елдімекенінде каналды су шайып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Су бұру каналының бұзылған тұсы құм салынған қаптармен нығайтылып жатыр

Бейнеден кадр

Ақмола облысына қарасты Целиноград және Шортанды аудандарының аумағындағы егістіктен еріген қар суының үлкен көлемде ағып келуі салдарынан Талапкер елді мекеніндегі су бұру каналының учаскесін су шайып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазіргі кезде ТЖМ күш-құралдары су бұру каналының бұзылған тұсын құм салынған қаптармен нығайтып жатыр. Ауыл тұрғындарынан тыныштықты сақтауды және құтқарушылардың нұсқауын орындауды сұраймыз», - делінген ҚР ТЖМ ұсынған ақпаратта.