Тоқаев Өзбекстан президентіне көңіл айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Ақтөбе облысында жол апатынан 8 Өзбекстан азаматы қайтыс болған еді

Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент – Самара тас жолында болған жол апатынан өзбекстандық сегіз азаматтың қаза табуына байланысты Президент Шавкат Мирзиёевке көңіл айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті қара жамылған отбасылардың қайғысына ортақтасып, жылы лебіз білдірді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан Өзбекстанның 8 азаматы қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.