Алматыда барлығы 393 адам коронавирус жұқтырған
Алматыда вирусты жұқтыру қаупі жоғары топқа кіретін адамдарды жаппай коронавирус инфекциясына ПТР әдісімен тексеру және экспресс-тестілеу қолға алынды деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
«Бұл әскери қызметшілер, полиция қызметкерлері, дәрігерлер, еріктілер, жүк, жолаушылар тасымалдайтын, ТЖ көлігінің жүргізушілері, ірі нысандарда жұмыс істейтін құрылысшылар, интернат қызметкерлері және т. б. азаматтардан тұратын шамамен 193 мың адам», - делінген аталған хабарламада.
Алматыда бүгінде 210 мыңға жуық адам карантин жағдайында жұмыс істеп жатыр. Бұл экономикада жұмыспен қамтылғандардың 17%-ын құрайды.