Кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
«Қазгидромет» РМК ел аумағында 3 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамынша, антициклон ҚР батыс бөлігіне әсер етіп жатыр, сол себепті жауын-шашын болмайды.
«Республикамыздың шығыс жартысынан фронтальды аймақтың әсерінде, сол себепті жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, оңтүстік аймақтарда жаңбыр түсіп, найзағай ойнайды. Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстікте, шығыста, орталықта көктайғақ, батыста шаңды дауыл болады деп болжануда», - делінген ақпаратта.