Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады

Фото: istockphoto.com

Астанада және Қазақстанның 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Астана, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында тұман түседі.

Қарағанды, Павлодар облыстарында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болжанып отыр.

3 сәуірде күндіз Жамбыл облысының таулы аймақтарында, 4-5 сәуір күндері күндіз оңтүстігінде, таулы аймақтарында күн күркірейді, ал Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда таңертең және күндіз найзағай жарқылдап, дауыл көтеріледі.

Алматы облысының шығысында күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.