Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында орналасқан
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі сағат 3:55-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 456 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.1. MPV магнитудасы - 4.8. Жер сілкінісінің координаттары – 44,31°с.е. 82,36° ш. б. Тереңдігі - 5 км», - делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында сезілуі туралы ақпарат жоқ.