ШҚО-да қар көшкіні жүру қаупіне байланысты жол жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Өңірдегі тасжолдардың бірін қар көшкіні жауып қалу қаупі бар

Коллаж: Azattyq Rýhy

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты жол жабылды. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өңірдегі тасжолдардың бірін қар көшкіні жауып қалу қаупі бар.

«⁠Республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» тасжолының учаскесінде (Ушанов кенті мен Алтай қаласына дейінгі аралықта) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды. Сондықтан халықты алыс жолға шыққанда маршрутты алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз», - делінген хабарламада.