Оқиға 30 наурыз күні болған
Ақтөбе облысының Қобда ауданы Көкуй ауылында науқас ауруханаға әскери тікұшақ арқылы жеткізілді. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Министрлік мәліметінше, 30 наурызда су тасқыны жағдайына және кірме жолдың болмауына байланысты МИ-8 Қорғаныс министрлігі тік ұшағы және 2 ТЖД құтқарушысы науқас пациентті аудандық ауруханаға тасымалдады.