Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Фото: istockphoto.com

Синоптиктер Қазақстан бойынша 31 наурызға арналған жалпы ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚазГидрометтің» хабарлауынша, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне және циклон әсеріне байланысты тұрақсыз ауа райының құбылысы сақталады, негізінен жауын-шашын болады деп болжанады.

Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын, атап айтқанда, қар аралас жаңбыр жауады. Сондай-ақ, еліміздің оңтүстігінде тұман түседі, оңтүстік шығысында найзағай ойнайды, солтүстік батыста, солтүстікте, орталықта көктайғақ болады деп болжанды.

Синоптиктердің болжамынша, Астанада 30 наурыздан 2 сәуір аралығында қар аралас жаңбыр жауады. 3-5 сәуір аралығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 5 сәуірде ауа температурасы күндіз 15 градус жылы болады. Түн де жылы болады: +2°C...+3°C.

Алматыда наурыздың соңғы күндері жауын-шашынды болады деп күтіледі. Сәуірдің алғашқы күндері жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Ауа температурасы күндіз: +9°C...+17°C.

Шымкентте аракідік жауын-шашын болады. Ауа температурасы күндіз: +20°C, түнде: +2°C...+9°C.