Алматы облысында су қоймасының бөгеті бұзылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға орнында қазір жағдай тұрақты

Фото: Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысы Іле ауданы Байкент ауылдық округіндегі Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы облысының әкімдігінің мәліметінше, қазір жағдай тұрақты. Оқиға орнына ТЖД бастығы мен облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев келді.

«Қазіргі уақытта жақын елді мекендерді су басу қаупін нақтылау жұмыстары жүргізілуде. Су Жармұхамет өзенінің негізгі арнасымен және ары қарай тоғандармен кетеді. Онда транзиттік режимде суды ағызу үшін барлық шлюздер ашық тұр. Қауіп төніп тұрған жоқ», - деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.