Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 80 адам эвакуацияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Бірінші қабаттағы пәтердің ағаш терезесінің жақтауы өртенді

Фото: Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 80 адам эвакуацияланды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды

Ведомство мәліметінше, өрт Баймұханов көшесіндегі төрт қабатты тұрғын үйдегі пәтерден шыққан.

«Бірінші қабаттағы пәтердің ағаш терезесінің жақтауы өртенді. Қызыл жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сөндірушілер мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері тұрғын үйден 80 адамды эвакуациялады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деді ведомстводан.