Өткізу пунктерінің алдында кептелістер пайда болуы мүмкін
ҰҚК Шекара қызметі су тасқынына байланысты бірнеше өңірде көлік қозғалысы шектелуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ведомство мәліметінше, Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Абай және Қостанай облыстарында қалыптасқан күрделі су тасқыны жағдайына байланысты Қазақстан-Ресей шекарасының жекелеген бағыттарында республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарындағы көлік құралдарының қозғалысы шектелуі мүмкін.
«Өз кезегінде ҰҚК Шекара қызметі шекараның осы учаскелеріндегі өткізу пунктерінің алдында кептелістердің пайда болуы туралы хабарлайды және қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қозғалыс маршруттарын түзетуді ұсынады», - делінген хабарламада.