Олар елді мекеннен 25 км қашықтықта іздеу-құтқару жұмыстары барысында табылды
Құтқарушылар Абай облысында жоғалып кеткен атасы мен немересін аман-есен іздеп тапты. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, бүгін таңертең Абай облысының құтқарушылары 1965 жылы туған ер адам мен оның 2013 жылы туған немересін құтқару операциясы сәтті өтті.
«Олар елді мекеннен 25 км қашықтықта іздеу-құтқару жұмыстары барысында табылды.
Тікұшақ әуеге көтерілді. Жоғалған адамдарға медициналық көмек қажет болған жоқ», - делінген хабарламада.