Өңірлердегі су тасқыны: Тоқаев Үкіметтің жұмысын бақылауда ұстап отыр

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін су тасқынына байланысты арнайы жиналыс өткізеді

Фото: tobolinfo.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар аймағында болған су тасқынының салдарын жою үшін Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың атқарып жатқан жұмысын бақылауында ұстап отыр. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін Мемлекет басшысы Қытайдан келгеннен кейін Премьер-Министр Олжас Бектеновтің және басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен жиналыс өткізеді.

Қабылданған шешімдер туралы  жұртшылыққа тез арада хабарланады.