Су тасқыны барысында еліміздегі су қоймалары қаншалықты толды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта барлық су қоймалары су жинау тәртібінде жұмыс істеп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрлігі көктемгі су тасу кезеңінде су қоймаларының тасқын суды қабылдау мүмкіндігі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ведомсвтоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ол үшін алдын ала республикалық меншіктегі барлық су қоймаларында тасқын суын қабылдау үшін бос орын дайындалды.

Қазіргі уақытта барлық су қоймалары су жинау тәртібінде жұмыс істеп жатыр.

  • Еліміздің солтүстігінде ірі су қоймалары орта есеппен 68%-ға толды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға артық;
  • Оңтүстікте бұл көрсеткіш 80%-ды құрайды;
  • Батыста, орта есеппен су жинау көрсеткіші 71%, бұл былтырғыға қарағанда 6%-ға көп;
  • Шығыстағы су қоймалары орта есеппен 60%-ға толы, бұл бір жыл бұрынғыдан 9%-ға артық;
  • Орталық Қазақстанда бұл көрсеткіш 66%-ды құрайды.