TikTok былтыр Қазақстанның 4 млн-нан астам видеосын өшірген
Видеолардың 86,3 пайызы жарияланғаннан кейін алғашқы 24 сағат ішінде жойылған
TikTok өткен жылы Қазақстанның 4 млн-нан астам видеосын өшірген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
PR room Telegram-каналында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, TikTok жойылған видеолар мен жазбалар туралы мәліметтерді үнемі жариялап отырады.
2023 жылдың төртінші тоқсанында желі ережелерін бұзған 1,3 миллионнан астам қазақстандық видео жойылған. Бұл 2023 жылдың барлық тоқсанындағы жойылған видеолардың ең көбі болып отыр.
Жойылған бейнежазбалардың жалпы санының 92%-ы платформадан тікелей өшірілген.
«Қазақстандық видеолардың 86,3 пайызы жарияланғаннан кейін алғашқы 24 сағат ішінде жойылған.
Жалпы, 2023 жылы Қазақстанда қоғамдастық ережелерін бұзған 4,2 млн видео жойылды», - делінген хабарламада.
TikTok атап өткендей, платформа қауымдастығының қауіпсіздігі компания үшін абсолютті басымдық саналады. Платформадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін TikTok инновациялық технологияларды және кәсіби мамандар тобын платформаның, оның ішінде қазақ тіліндегі қолжетімді қауымдастық нұсқауларын бұзатын мазмұнды анықтау және оларға шара қолдану үшін пайдаланады.