Маңғыстау облысында инвесторлардың құқығы қорғалды

Автор: Мира Байбек

Әкімдік қойма салмақ болған инвесторға тиісті құжаттар бермей келген

 

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Маңғыстау облысының прокуратурасы инвестордың құқығын қорғады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ведомствоның мәліметінше, прокуратура органдары инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша белсенді жұмыстар жүргізіп жатыр.

«Фронт-офис жұмысы шеңберінде «GATIN group» ЖШС-і инвесторына құрылыс материалдарын сақтауға арналған қоймалар салудың сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруден негізсіз бас тарту дерегі анықталды. Инвестиция сомасы 250 млн теңге құрайды», - делінген хабарламада.

Ақтау қаласы әкімінің атына енгізілген қадағалау актісінен кейін аталған заңбұзушылықтар жойылып, инвесторға құрылыстың рұқсат құжаттары берілді.

Қазіргі уақытта жобаны іске асыруға 40 млн теңгеден астам қаржы инвестицияланды.