Ол осы күнге дейін тыныс алу аппаратында жатқан
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева бүгін Шымкентте COVID-19 жұқтырған бір азаматтың қайтыс болғанын хабарлады.
«Кешке сағат 17:00-де тағы бір адамның көз жұмғаны белгілі болды. Науқас 1954 жылы туған. Ауруханаға 4 сәуір күні пневмониямен түскен. Тынысы тарылған. Қант диабеті болған. Ол осы уақытқа дейін жасанды тыныс алу аппаратында жатты», - деді Л. Ақтаева.
Бүгін Қостанай облысында 1945 жылғы ер адамның қайтыс болғаны хабарланған еді. Осылайша, елімізде коронавирустан қайтыс болғандардың жалпы саны 16-ға жетті. Оның 13-і - ер адам. Науқастардың орта жасы 60-та.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан