25.03.2024, 16:13
Жаңалықтар
Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза болды
Қайғылы оқиға 24 наурыз күні болды
Фото: Маңғыстау облысының полиция департаменті
Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза болды. Қайғылы жол апаты Мұнайлы ауданындағы «Южный» автожолында 24 наурыз күні болды. Бұл туралы Azattyq Ruhy облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға көлік жүргізушісінің жол ережесін өрескел бұзу салдарынан болды.
«Kia» көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Lexus» көлігіне соғылды. Жол апатының салдарынан «Kia» көлігінің екі жолаушысы мерт болды», - деді Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта кісі өліміне әкелген жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
08.07.2026, 17:14
Сталкинг пе, қылмыс па: Атырауда әйел адам экс-сүйіктісінен қашамын деп өзі сотталып кетті (ВИДЕО)
08.07.2026, 15:58
Теңге нығайып келе ме: 8 шілдеге арналған доллар бағамы жарияланды
08.07.2026, 10:40
Шығын – 2 млрд теңге: Қарағанды облысында темір кенін заңсыз өндіріп, шетелге сатқандар сотталды
08.07.2026, 17:53
Астанада ММА файтері сахнада боқтаймын деп басы дауға қалды (ВИДЕО)