Мәскеудегі лаңкестік шабуыл: 100-ге жуық адам аурухана төсегінде жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Кем дегенде 140 адам қаза болды

Фото: Вячеслав Прокофьев/ ТАСС

Мәскеудегі «Крокус Сити Холлдағы» шабуылдан кейін ауруханаларда 97 адам жатыр. Бұл туралы Мәскеу облысының әлеуметтік даму министрі Людмила Болатаева мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.

«Бүгінгі таңда біздің ауруханаларда, стационарларда 97 адам бар. Бұл Мәскеу облысының, Мәскеудің және федералды орталықтардың ауруханалары. Олардың жағдайлары әртүрлі деңгейде», — деді министр.

«Крокус Сити Холлда» трагедияның құрбандары 140 адамға жетті. Мәскеу облысының Денсаулық сақтау министрлігі бір күн бұрын тағы 182 адам зардап шеккенін хабарлады.

Айта кетейік, Мәскеудегі «Крокус Сити Холлда» болған қанды шабуылға байланысты төрт күдікті екі айға қамауға алынды, оларға ұйымдасқан топтың құрамында шабуыл жасады деген айып тағылды.