Медициналық тексеруден кейін краншы ауруханаға жатқызудан бас тартты
Астанада 12-қабат деңгейінде тұрған мұнара кранынан өрт шықты. Өрт сөндірушілер мұнара кранының өртін сөндірді. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгін таңертең Байқоңыр ауданында жаңа ғимараттың аумағында 12-қабат деңгейінде мұнара кранының кабинасы өртенді.
«Өрт толығымен сөндірілді. Өрттің ауданы - 1,5 ш.м. Медициналық тексеруден кейін краншы ауруханаға жатқызудан бас тартты.
Астана қаласы ТЖД 8 адам және 2 техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.