Көктайғақ, бұрқасын, тұман: 25 наурызға арналған ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында күн негізінен ашық болады

Фото: depositphotos.com

«Қазгидромет» РМК 25 наурызға арналған күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Қазақстан аумағынан бұрынғыша атмосфера фронталды бөліктердің өтуіне байланысты күн құбылмалы болады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ болып, солтүстікте жаяу бұрқасын соғады.

Еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында күн негізінен ашық болады. Еліміз бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін.