Парламентаралық Одақтың 148-ші Ассамблеясы өтеді
Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов бастаған делегация Швейцарияға ресми сапармен барды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан Парламентінің делегациясы Швейцария Конфедерациясына Парламентаралық Одақтың 148-ші Ассамблеясына қатысу үшін ресми сапармен барды.
«Швейцария Конфедерациясына ресми сапар аясында Мәжіліс спикері мен Швейцария Конфедерациясы Федералды Жиналысының Ұлттық Кеңесінің төрағасы Эрик Нузбаумермен және Федералдық кеңесші, Швейцария Конфедерациясының Сыртқы істер министрі Иньяцио Кассиспен Бернде екіжақты кездесулер өткізуі жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.