23 наурызда дүние жүзіндегі мыңдаған ғимарат пен сәулет нысанында жарық бір сағатқа сөндірілді. Бұл акцияны елордадағы 30-дан астам нысан қолдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Кеше 20:30-21:30 аралығында «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтті. Осы уақыт аралығында әлемнің әртүрлі сәулет нысандары мен ғимараттарында жарық бір сағатқа өшірілді.
«Жер сағаты» — Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) демеушілігімен өтетін жыл сайынғы халықаралық шара, оған әлемнің түкпір-түкпірінен 2 миллиардтан астам адам атсалысады. Бұл әртүрлі елдердің миллиондаған адамдары 1 сағатқа жарық пен электр құралдарын өшіретін, әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері жарықтарын өшіретін уақыт.
2024 жылы Қазақстанда «Жер сағаты» еліміздің табиғатын сақтау тақырыбына арналған», - делінген әкімдік хабарламасында.
23 наурыз күні кешке Астана әкімдігінің ақпараты бойынша акцияны қолдап, бір уақытта 30-дан астам нысанда жарық өшірілді:
	- Астана қаласының әкімдігі (Бейбітшілік көшесі, 11); 
 
	- Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімдігі (Сарыарқа даңғылы, 13); 
 
	- Бейбітшілік, 9 мекенжайындағы әкімшілік ғимарат; 
 
	- Е.Рахмадиева атындағы Мемлекеттік академиялық филармония (Кенесары к-сі, 32); 
 
	- М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы (Мәмбетова к-сі, 1); 
 
	- «Гранд Алатау» тұрғын үй кешені (Желтоқсан көшесі 2, 2/1, 2/2, 2/3); 
 
	- «Арман» тұрғын үй кешені (Жеңіс даңғылы, 1)
 
	- «Престиж» тұрғын үй кешені (Желтоқсан көшесі, 1); 
 
	- «Radisson Hotel Astana» (Сарыарқа даңғылы, 4)
 
	- «Riverside Apartments» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 8); 
 
	- «Park Inn by Radisson» қонақ үйі (Сарыарқа даңғылы, 8а); 
 
	- «Симфония» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 1); 
 
	- «Болашақ» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 3); 
 
	- «Сана» тұрғын үй кешені (Шевченко к-сі, 8); 
 
	- «Эдель» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 5); 
 
	- «Кенесары» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 11); 
 
	- Абай даңғылы, 13, әкімшілік ғимарат
 
	- Сарыарқа даңғылы, 17 мекенжайы бойынша тұрғын үй ғимараты; 
 
	- «Шаңырақ» жатақханасы (Сарыарқа даңғылы, 42, 44); 
 
	- «Свечки» тұрғын үй кешені (Бөгенбай батыр 28, 30); 
 
	- «KERUEN CITY» ЖШС;
 
	- «Астана-Бәйтерек» монументі;
 
	- «Қазмедиа орталығы» телерадиокешені;
 
	- Нұр-Әлем мұражайының павильоны;
 
	- Бейбітшілік және келісім сарайы;
 
	- «Әзірет Сұлтан» мешіті;
 
	- Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы;
 
	- Республикалық Бас мешіт;
 
	- «Айланд» отбасылық ойын-сауық орталығы;
 
	- «Астана Балет» ЖШС;
 
	- «ҚазМұнайГаз» ҰК;
 
	- «Қазақ елі» монументі;
 
	- «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы.