Ауруханадан шығарылғандар бар
Мәскеу облысының Денсаулық сақтау министрлігі 22 наурызда «Крокус Сити холл» концерт залында болған терактіден зардап шеккендердің жаңа тізімін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТАСС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Онда барлығы 140 адамның аты-жөні бар.
Бұдан бөлек, зардап шеккендердің үшеуі Мәскеу маңындағы ауруханалардан шығарылды, бірақ 105 адам стационарлық емделуде, тағы 31 адам амбулаториялық емханада.
Айта кетейік, 22 наурызда Мәскеудегі «Крокус Сити Холл» концерт залында белгісіз адамдар оқ жаудырып, 100-ден аса адам қаза тапты.