Мәскеуде болған шабуылдан қаза тапқандар саны 115-ке жетті
Ресей президенті Владимир Путин Мәскеуде болған терактіге байланысты 24 наурызды ұлттық аза тұту күні ретінде жариялады. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.
«24 наурызды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын» — деді Ресей президенті телеарна арқылы үндеу жасап.
Айта кетейік, 22 наурызда Мәскеу маңындағы «Крокус Сити Холлда» болған шабуылдан Мәскеуде болған шабуылдан қаза тапқандар саны 115-ке жетті. Қанды шабуылды көп ұзамай ИГИЛ содырлар ұйымы өз мойнына алғаны хабарланды.