БҚО-да балшыққа батқан көліктен 17 адам құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның үшеуі – бала

Фото: t.me/qr_tjm

БҚО-да құтқарушылар балшық массасында тұрып қалған 2 көліктен 17 адамды, оның ішінде 3 баланы құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгін түнде Казталов ауданында, Бостандық а/о, Бостандық кентінен 15 шақырым жерде балшық массасында тұрып қалған 2 көліктен 17 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылып, Бостандық ауылына жеткізілді», - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметінен.

Құтқарылған азаматтарға едициналық көмек қажет болған жоқ.

БҚО ТЖД жеке құрамынан 4 адам және 1 бірлік техникасы жұмылдырылды