Белгісіз біреулер «Крокус Сити Холл» ғимаратында оқ жаудырды
Мәскеудегі «Крокус Сити Холл» концерт залында болған қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан азаматтары үшін 8 (925) 897-71-14 телефоны бойынша жедел желі іске қосылды. Бұл туралы Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұған дейін белгісіз біреулер Мәскеудің Красногорск түбіндегі «Крокус Сити Холл» ғимаратында оқ жаудырғанын хабарлағанбыз.
Ресей Тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасы Мәскеу облысындағы терактіге қатысты қылмыстық іс қозғады.
Федералдық қауіпсіздік қызметі оқиға салдарынан 60-тан астам адамның қаза тапқанын хабарлады.
Алдын ала болжам бойынша, өрт автоматтан шыққан болуы мүмкін.