Оның эпицентрі бес шақырым тереңдікте орналасқан
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» сейсмикалық станциялар желісі арқылы эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 592 шақырым жерде Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жер сілкінісі 22 наурызда Алматы уақыты бойынша 08:47-де болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.9. MPV магнитудасы – 5.0. Эпицентрі бес шақырым тереңдікте болды.
Сезгіштігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Қазақстан аумағында сезілген жоқ.