Энтони Блинкен Азия мен Таяу Шығыс халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекеттік хатшы бұл жаңа жыл әлемге бейбітшілік әкеледі деп үміттенеміз

Фото: usembassy.gov

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Азия мен Таяу Шығыстың барша халықтарын Наурыз мерекесі – көктемнің келуімен және Жаңа жыл мерекесімен ресми түрде құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекеттік департамент атынан осы көне дәстүрді және көктемнің келуін тойлайтындардың барлығын Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Ғасырлар бойы дүние жүзіндегі қауымдастықтар, соның ішінде Иран мен Таяу Шығыста, Орталық және Оңтүстік Азияда, Еуропада және одан тыс жерлерде табиғаттың жаңаруы мен жаңа жылдың келуін тойлап келді. Наурыз мағыналы қарым-қатынастарды жаңартуға, нығметтерді бағалауға және болашақтан мүмкіндіктерді күтуге мүмкіндік береді. Өткен жыл туралы ой елегінен өткізе отырып, біз бұл жаңа жыл әлемге бейбітшілік, сондай-ақ денсаулық, гүлдену және қуаныш әкеледі деп үміттенеміз», - деді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мәлімдемесінде.