Екі құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін бақ сынайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін түнде Қазақстан құрамасының Грекияға қарсы футбол матчын тікелей эфир арқылы тамашалайды. Бұл жөнінде ҚР Президентінің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Президент шын жүректен біздің жігіттерді қолдайды және жеңіс үшін қолдан келген барлық мүмкіндігін жасайтынына сенеді», - деп атап өтті Берік Уәли.
Футболдан Ұлттар лигасы плей-офф сатысындағы Қазақстан және Грекия кездесуі 21 наурыздан 22-не қараған түні сағат 00:35-те Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін бақ сынайды.