«Аса ауыр қылмыс жасаған болуы мүмкін»: Павлодар облысында жоғалып кеткен ер адам қамауға алынды

Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде

«Аса ауыр қылмыс жасаған болуы мүмкін»: Павлодар облысында жоғалып кеткен ер адам қамауға алынды
Фото: istockphoto.com

Павлодар облысында жоғалған 29 жастағы ер адам Қарағанды облысы аумағында аса ауыр қылмыс жасаған болуы мүмкін. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«21 наурыз күні полиция қызметкерлері Қарағанды облысында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 29 жастағы Павлодар қаласының тұрғынын ұстады. Бұған дейін оны туыстары із-түссіз жоғалып кетті», - делінген хабарламада.

Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

«Өзге ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жариялауға жатпайды», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Ал Павлодар облысы полиция департаменті қамауға алынған азаматтың жоғалып, табылған павлодарлық екенін растады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.