Президент Қазақстанның халық әртісі Жәния Әубәкірованы қабылдады

Автор: Azattyq Rýhy

Кездесуде еліміздегі мәдениет саласының дамуы мен өзекті проблемалары талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық әртісі Жәния Әубәкірованы қабылдады. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесуде еліміздегі мәдениет саласының дамуы мен өзекті проблемалары талқыланды.

Жәния Әубәкірова Президентке жеке шығармашылығы мен өзінің авторлық мектебінің жұмысы туралы баяндады. Сонымен қатар ұзақ уақыт бойы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры болған маман музыкалық жоғары білім саласы туралы ой-пікірін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жәния Әубәкірованың қоғамдық мәселелерге қатысты ұсыныстарын тыңдап, өнер саласындағы бастамаларына сәттілік тіледі.