Қызылордада зейнеткерді тонап кеткен күдікті ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды

Фото: istockphoto.com

Қызылордалық полицейлер зейнеткерді тонап кеткен күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл бағытта Қызылорда қаласы Полиция басқармасының жедел уәкілдері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде 64 жастағы зейнеткерді тонаған күдікті ұсталды. 

«Қала аумағындағы сауда орталығының алдында тұрған дүңгіршектен 30 жастағы азамат сауда жасаған. Артынша терезесін сындырып кассада тұрған ақшаны алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Тонау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.