$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көктемгі тұқым қоры ретінде тауарлық бидай сатылымға шығарылады

Аталған шара фермерлерді мемлекеттік қолдау шеңберінде жүргізілмек

Көктемгі тұқым қоры ретінде тауарлық бидай сатылымға шығарылады
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Азық-түлік корпорациясы тұқым қоры ретінде пайдалану үшін тауарлық бидайды сатуды бастайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Көктемгі дала жұмыстарына дайындық аясында «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ тұқым қоры ретінде азық-түліктік бидайды мынадай шарттармен сатуды бастайды:

  • тек астық өндірушілерге сатылады (бір астық өндірушіге себу нормасы есебінен сату көлемі - 1 гектар егістікке 130 килограмм);
  • сату көлемі-400 000 тоннаға дейін;
  • жеткізу шарттары – азық-түлік корпорациясының уәкілетті элеваторларынан EXW (франко-элеватор) ;

Төлем шарттары - 100% алдын ала төлем.

Фермерлерді мемлекеттік қолдау шеңберінде Азық-түлік корпорациясында 2024 жылға форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша алынған аванстық төлемдер есебінен тұқым ретінде азық-түлік астығын сатып алуға рұқсат беріледі.

Азық-түлiктiк бидайдың көлемiн анықтау үшiн әлеуеттi сатып алушы егiс алаңдарының (егiстiктiң) растайтын құжаттарын ұсынуы тиiс.

Қосымша ақпаратты мына мекенжайлар мен телефондар арқылы алуға болады:

  • «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ: Астана қаласы, Московская көшесі, 29/3. эл. мекенжайы: mail@fcc.kz. тел. (8-717-2) 59-12-32. Бас менеджер: Кәкімов Е.К. 8 701-105-31- 05
  • Ақмола, Қарағанды облыстарының әлеуетті сатып алушыларына мына мекен-жайға хабарласуға болады: Көкшетау қалсы, Нұрсұлтан Назарбаев, 19, тел. 8 (716-2) 55-11-51, 55-11-54, 42-25-22;
  • Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының әлеуетті сатып алушыларына мына мекенжайға хабарласуға болады: Өскемен қ., Бейбітшілік к-сі, 30, 206-кеңсе, тел. 8 (723-2) 25-95-67, 56-06-57;
  • Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының әлеуетті сатып алушыларына Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 147, тел. 8 (714-2) 53-11-44, 53-12-44, 54-28-20;
  • Солтүстік Қазақстан облысының әлеуетті сатып алушыларына мына мекенжайға хабарласуға болады: Петропавл қ., Партизанская к-сі, 160, тел. 8 (715-2) 55-11-60, 42-22-66.
Серіктес жаңалықтары