Көкшетауда мүгедектерге арналған көмек қайтыс болғандардың балаларына берілген

Автор: Мира Байбек

Арнайы қаражат мемлекет меншігіне қайтарылды

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Көкшетау қаласының прокуратурасы мүгедек адамдардың құқықтарын қорғады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ақмола облысының прокуратурасынан хабарлағандай, мүгедек адамдарды техникалық көмекші құралдармен және түрлі қызметпен қамтамасыз ету кезінде заңбұзушылықтар болған. 

«Талдау барысында қайтыс болған адамдардың атына 2 млн теңгеге 2000-нан астам гигиеналық құрал, мүгедек арбалары және басқа да жеке құралдар жазылғаны анықталды (балалары қабылдаған)», - делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша арнайы қаражат мемлекет меншігіне қайтарылып, кейіннен мұқтаж мүгедектерге бөлінді.