Облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал
Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары өңір жұртшылығына мейрам күндері таулы жерге бармау қажеттігін ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 20-25 наурыз аралығында өңірдің таулы жерлерінде қар көшкіні жүру қаупі бар.
«Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, күннің күрт жылуына және желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, мейрам күндері ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертеміз», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Сондай-ақ құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.
«Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыз»,-делінген хабарламада.