Павлодарда 13 көшенің атауы қазақшаланды

Автор: Azattyq Rýhy

Қалада Бұқар жырау, Едіге би, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы көшелер пайда болды

Azattyq Ruhy

Павлодар қаласында 13 көшенің атауы өзгерді деп жазады Pavon.kz. Мамандар көше атауы жазылған тақтайшаларды жаңартып та үлгерген.

Мәселен, 1 Май көшесі бұдан былай Мәшһүр Жүсіп Көпеев деп аталады. Ал, бұрынғы Көпеев көшесіне Ақбеттау деген атау берілді. Сондай, Короленко – Бұқар Жырау, Крупская – Едіге би көшесі болып өзгерді.

Сонымен қатар, Большая Объездная – Жібек жолы, Пахомов – Қабдеш Нұркин, Чкалов – Сағадат Нұрмағамбетов көшесі деп аталатын болды.

Көшелердің жаңа атауына қатысты құжаттар әділет органдарында 12 сәуірде тіркеліпті. Қазір ТКШ бөлімі ғимараттарда ілініп тұрған тақтайшаларды ауыстырып жатыр. Кезекте Димитров, Карл Маркс, Киров, Аймауытов, Володарский және Бестужов көшелері тұр. Олардың барлығына жаңа атау берілген.