Видео-челленджге бірқатар жастар ұйымы атсалысты
Астанада жастар Ұлттық киім күніне орай арнайы челлендж бастады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, елордада наурызнаманың онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай Жастар саясаты мәселелері басқармасы елордамыздағы жастар ұйымдарымен бірге Қазақстан халқының Ұлттық киімдерін кеңінен дәріптеу мақсатында челлендж бастады.
«Қазақтың ұлттық киімі – бұл халықтың мәдениеті мен тарихы, оның дәстүрі мен өмір салты. Ол ұлттың жарқын «индикаторы» ретінде өткеннің мәдени-рухани мұрасын сақтауға көмектеседі», - делінген хабарламада.
Тақырыпқа орай: 18 наурыз – Ұлттық киім күні
Видео-челленджге бірқатар жастар ұйымы атсалысты.