Әлем елдері коронавирусты жұқтырудың шарықтау шегіне әлі жеткен жоқ - ДДСҰ

Автор: Azattyq Rýhy

Әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 2 млн адамнан асты

Фото: ашық дереккөзден

Әлемде CОVID-19 вирусын жұқтыру жағдайлары өсімінің қысқаруына қарамастан, ДДСҰ әлем елдерінің коронавирусты жұқтырудың шарықтау шегіне әлі жетпегенін мәлімдейді, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

«Коронавирусты жұқтырғандардың 90%-ы Еуропа мен АҚШ-та тіркелген. Сондықтан біз әлі вирусты жұқтырудың шыңын байқап отырған жоқпыз», – деді ДДСҰ спикері Маргарет Харрис. 

Мәселен, қазіргі уақытта коронавирус басталған Қытайда инфекцияның сырттан әкеліну жағдайлары үлкен қауіп төндіріп тұр. 

Айта кету керек, әлемде коронавирусты 2 миллионнан астам адам жұқтырған. Вирустан 120 мыңнан астам адам қайтыс болды.