Қазақстандық әскерилер Голан биіктеріндегі бітімгерлік миссиясына кірісті

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстандық жасақтың құрамында 139 әскери қызметші бар

Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі Фауар бітімгерлік базасындағы қазақстандық бітімгерлердің фотосын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстандық контингенттің әскери қызметшілері Голан биіктеріндегі бітімгерлік базасының күзеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырманы орындауға кірісті», - деп хабарлады ведомство.

Айта кетейік, қазақстандық жасақтың құрамында 139 әскери қызметші бар. Олар кеше Қазақстаннан Сирия астанасы Дамаскіге ұшып барып, Фауар бітімгерлік базасына дейін автокөлікпен жетті.