Алаяқтық үшін іздеуде жүрген: күдікті Түркияда қолға түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Ол үлкен сомаға сан соқтырып кеткен

Фото: ҚР ІІМ

ҚР ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген күдікті Түркияда ұсталып, елге жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Полиция мәліметінше, әйел топ құрамында алдын ала сөз байласу арқылы Kolesa.kz сайтында автокөліктерді сату туралы хабарландыру жариялап, тұрғындарды үлкен сомаға сан соқтырып кеткен. Қазіргі таңда полиция алаяқтықтың 17 фактісін тергеп жатыр.

Күдікті Алматы қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.