СҚО-да жер үй өртеніп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттің себебі анықталып жатыр

Фото: ҚР ТЖМ

ҚР ТЖМ Тимирязев ауданында ірі өрт тұтанғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Солтүстік Қазақстан облысында Тимирязев ауданының Докучаево ауылында жеке тұрғын үйде 100 шаршы метр алаңда өрт болды. Өрт сөндірілді.

«Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда. Өртті сөндіруге 4 құтқарушы және ТЖД техникасының бір бірлігі жұмылдырылды», - делінген хабарламада.